Деректерді қалпына келтіру

Кейде әртүрлі жағдайлар салдарынан Сіз компьютердегі ақпаратты кездейсоқ жойып, вирустық белсенділікке тап болып немесе білмегендіктен өзіңіздің қатқыл дискіңізді форматтауыңыз ықтимал. Не істеу керек?
Интернетте жоғалған деректерді қалпына келтірудің көптеген әртүрлі бағдарламалары бар. Бірақ егер Сіз мұнымен ешқашан кездеспеген болсаңыз, осындай бағдарламалар туралы ақпаратпен зер қоя танысып және арнайы форумдардағы пікірлерді оқуды ұсынамыз.  Егер Сіз әйтсе де тәуекелге барғыңыз келмесе, немесе Сізде уақыт жоқ болса, біз Сізге қажетті ақпаратты немесе жүрекке жақын фотосуреттер мен бейнежазбаларды қайтаруға қуана көмектесеміз.