Цифрландыру және коррекция

Магнитті лентадағы немесе киноүлдірдегі үй мұрағаты? Бұл ыңғайлы емес!
Магнитофон сынды, ал кассеталар қалды, оған қоса форматтары мен сапасы әртүрлі.
Біз сіздің мұрағатыңызды қажетті күйге келтіруді ұсынамыз. Және әдемі рәсімделген диск қажетті сәтте әрқашан қолда болады.

Материалдарды цифрландырудың екі тәсілі бар, сызықты және сызықты емес.
Сызықты — сізге бейнені өз бетіңізбен цифрландыруға көмектесетін көптеген сан-алуан рекордерлар бар.
Бұл несімен ыңғайсыз:
1. Бейнематериалдарды коррекциялау және монтаждау мүмкіндігінің болмауы;
2. Бейне және аудиожолақ сапасын жақсарту мүмкіндігінің болмауы;
3. Рекордерлар файлдарды өзіндік жеке форматқа кодтайды, оны ойнатқыштардың кейбір түрлері қолдамауы мүмкін.
Сызықты емес — біз пайдаланатын тәсіл.
Материал арнайы бейнекарта көмегімен компьютерге цифрландырылады. Осы кезеңде қажет емес сәттерді бірден кесіп тастауға болады.

Осындай тәсілдің артықшылықтары айқын:
1. Бейнені редакциялау мүмкіндігі (монтаждау, түсін коррекциялау, компьютер эффектілерін қосу және тағы басқалары);
2. Аудиожолақты редакциялау мүмкіндігі (фондық музыка, кадр артындағы мәтінді жазу және т.б.);
3. Өзіндік DVD-мәзір жасау мүмкіндігі;
4. Бұл ретте сапаны сақтап қана қоймай, жақсартуға да болады.

Біз кассеталар мен киноүлдірлердің кез-келген форматымен жұмыс істейміз:
VHS, VHS-C, Mini DV, Digital 8mm, Betacam SP, 8, 16 және 35мм киноүлдір.
Сонымен қатар, біз кез-келген аудиотасымалдағыштармен жұмыс істейміз: винил пластинкалар, белдектер, кассеталар, дискілер, мини-дискілер.

Біз сіздің мұрағатыңызды жарқынырақ етеміз!