Компания туралы

«AV Production» студиясы 2002 жылдың 12 сәуірінде құрылған.
Жұмыс істеген уақыт ішінде біз дамудың маңызды кезеңдерінен өттік.
2002 жылы біз тек фото-бейнетүсірілім бойынша ғана қызметтер көрсеттік.
2003 жылдан бастап дыбысты зорайтқыш жабдықты жалға берумен айналысамыз.
2004 жыл — бейнематериалдарды монтаждау және өңдеу.
2006 — дизайн және графика бөлімі құрылды.
2007 — дыбыс жазушы студия жабдықталды.
2008 — дискілерді тираждау және бренділендіру цехы іске қосылды.
2012 — Астана қ. өкілдік.
Біздің ұжым – бұл тұрақты жетілетін, қызықты идеялары бар және өзінің ісін білетін жас және креативті мамандар тобы. Сонымен қатар, штаттан тыс қызметкерлер базасы бар: копирайтерлер, дикторлар, музыканттар және композиторлар, суретшілер, дизайнерлер…

Қазір «AV Production» келесі бағыттарда жұмыс істейді:

БЕЙНЕСТУДИЯ: имидждік және деректі фильмдер, жарнамалық, әлеуметтік, корпоративішілік бейнероликтер түсіру.

АУДИОСТУДИЯ: аудиороликтер жасау, әндер мен фонограммалар жазу, фильмдерді дубляждау, мәтіндерді жазу, вокалмен айналысу.

ДИСКІЛЕРДІ ТИРАЖДАУ ЖӘНЕ БРЕНДІЛЕНДІРУ: СD, DVD, CD-визиткалар, Mini-CD, Blu-Ray, күрделілігі кез-келген орама және полиграфия.

ДИЗАЙН СТУДИЯ: 3D-модельдеу, фотосессиялар, брендбуктер, веб-сайттар, мультимедиялық тұсаукесерлер, электронды оқулықтар әзірлеу.

ЖАБДЫҚТЫ ЖАЛҒА БЕРУ: колонкалар, микрофондар, проекторлар, экрандар, конференц-жүйелер және синхронды аудару жүйелері.

Бүгін,10 жылдық тәжірибеге, аудио-визуальды, жарнамалық-тұсаукесер өнімін өндіру саласындағы міндеттерді кешенді шешу мүмкіндігіне, өзіндік өндірістік кешенге, жабдық және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыздыққа ие бола отырып, біз бұрынғыдай өзіміздің миссиямызды ұстанамыз – сапалы және өзекті өнімді кәсіби және максимальды жылдам ұсыну.

Біз Сіздер үшін сенімді серіктес, дос және кеңесші боламыз!